Қазақстан волейболшылары CAVA Women’s Volleyball Championship турнирінде екінші рет жеңіске жетті

Спорт шолушысы

Қазақстан әйелдер құрамасы Катмандудағы Орталық Азия чемпионатында Бангладештен басым түсті.

Қазақстан волейболшылары CAVA Women’s Volleyball Championship турнирінде екінші рет жеңіске жетті
Instagram/@volleyfederationkz

Бангладешке мүмкіндік бермеді

Непал астанасы Катмандуда CAVA Women’s Volleyball Championship 2026 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан әйелдер құрамасы жарыстағы екінші кездесуін Бангладешке қарсы өткізді. Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын ұлттық құрама бұл матчта айқын басымдық танытты. 

Қазақстан волейболшылары қарсыласын үш сетте ұтып, турнирдегі екінші жеңісін тіркеді. Сеттер бойынша есеп: 25:6, 25:9, 25:11

Матч барысында қазақстандық волейболшылар шабуылда да, қорғаныста да сенімді ойнап, қарсыласқа айтарлықтай мүмкіндік берген жоқ.

Келесі қарсылас — Иран

Топтық кезеңнің қорытынды матчында Қазақстан Иранмен кездеседі. Бұл ойын 25 мамырда өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 және 2025 жылдары CAVA Women’s Volleyball Championship турнирлеріне қатыспалы. Биылғы жарыста ұлттық команда сәтті өнер көрсетіп, қатарынан екінші жеңісіне жетіп отыр.