Қазақстан Азия чемпионатында тағы бір күміс медаль жеңіп алды
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Бішкек қаласында өтіп жатыр.
olympic.kz
Қазақстан құрамасы Бішкекте көркем гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
Айбота Ертайқызы күміс жүлдегер атанды
Көпсайыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.
Тағы бір қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен бесінші орын алды.
Азия чемпионатының жеңімпазы Өзбекстан өкілі Тахмина Икромова болды. Ол финалда 115,10 ұпай жинады.
Қола жүлдені де Өзбекстан құрамасының өкілі Наталья Усова иеленді. Оның нәтижесі — 112,40 ұпай.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста екінші орын алған еді. Осылайша ұлттық команда Бішкектегі құрлық біріншілігінде медаль санын арттырып жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet