Гимнасшылар Азия чемпионатында үшінші медаль еншіледі

Спорт шолушысы

Қазақстан құрамасы Бішкекте көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топтық көпсайыс бағдарламасында үздік үштікке енді.

Гимнасшылар Азия чемпионатында үшінші медаль еншіледі
olympic.kz

Қазақстан қола жүлде иеленді

Қазақстан намысын топтық көпсайыста Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мәдина Мырзабай қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық гимнасшылар 52,85 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды.

Жүлделі орындар қалай бөлінді?

Аталған бағдарламада бас жүлде Өзбекстан құрамасына бұйырды.

Қытай құрамасы 53,8 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. 

Осылайша Қазақстан құрамасының Бішкектегі Азия чемпионатындағы жүлделер саны үшке жетті.

Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс медаль жеңіп алды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста да күміс жүлдеге қол жеткізді.

Көркем гимнастикадан құрлық біріншілігі 26 мамырда мәресіне жетеді.