Бибісара Асаубаева Норвегиядағы турнирді жеңіспен бастады
Қазақстандық шахматшы беделді Norway Chess Women 2026 турниріндегі алғашқы партиясында жеңіске жетті.
фото: ашық дереккөздерден алынған
Асаубаева жарыстың бірінші турында қара түспен үндістандық гроссмейстер Хампи Конерумен кездесті. Партия қорытындысы бойынша қазақстандық шахматшы қарсыласынан басым түсті.
Келесі турда Бибісара қытайлық Чжу Цзиньэрге қарсы ойнайды. Бұл кездесу қазақстандық шахматшы үшін турнирдегі позициясын нығайтуға жақсы мүмкіндік болмақ.
Norway Chess Women 2026 турнирі 25 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жарыстың жалпы жүлде қоры 1 690 000 норвегиялық кронға тең. Бұл шамамен 157 мың АҚШ доллары немесе 70 миллионға жуық теңге.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet