Әуедегі оқыс оқиға: Спортшы ұшақпен соқтығысты (ВИДЕО)

Спорт шолушысы

Парапланшы әйел дер кезінде қосалқы парашют ашып, аман қалды. 

Әуедегі оқыс оқиға: Спортшы ұшақпен соқтығысты (ВИДЕО)
NUR.KZ

Австрияның Целль-ам-Зее қаласы маңында оқыс оқиға болды. Парапланмен ұшып жүрген әйел Cessna 172 ұшағымен соқтығысты.

Оқиға сенбі күні болды. 44 жастағы әйел Шмиттенхёэ аймағынан Пизендорфқа қарай ұшып бара жатқан. 

Полиция мәліметінше,  Pinzgauer Hütte ауданында парапланшы әйел мен Cessna 172 ұшағының соқтығысуы шамамен сағат 13:15-те болған. 

Ұшақты 28 жастағы ұшқыш басқарып келе жатқан. Апатқа нақты не себеп болған әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілуі мүмкін.

Парапланшы қосалқы парашютін ашып үлгерді

Соққыдан кейін әйел адам шұғыл әрекет етіп, қосалқы парашютін ашып үлгерді. Соның арқасында жерге қауіпсіз қонды.

Ал Cessna 172 ұшағының пилоты да жағдайды бақылауда ұстап, әуе кемесін Целль-ам-Зее әуежайына аман-есен қондырған.

Материалда: