Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-2026 турнирінде көш бастады
Қазақстандық шахматшы Ослода Norway Chess Women-2026 турнирінде бірінші орынға көтерілді.
Алғашқы турда Конеруды жеңді
Бірінші айналымда Бибісара Асаубаева қара фигуралармен үндістандық тәжірибелі гроссмейстер Хампи Конеруға қарсы ойнады.
Қазақстандық шахматшы тартысты партияда қарсыласынан басым түсіп, классикалық форматта маңызды жеңіске жетті. Бұл нәтиже Асаубаеваға турнирлік кестеде бірден 3 ұпай жинауға мүмкіндік берді.
Norway Chess Women-2026: алғашқы турдан кейінгі жағдай
Алғашқы тур қорытындысы бойынша қатысушылардың турнир кестесіндегі орны төмендегідей:
Бибісара Асаубаева /Қазақстан/ — 3 ұпай
Дивья Дешмукх /Үндістан/ — 1,5 ұпай
Чжу Цзиньэр /Қытай/ — 1,5 ұпай
Цзюй Вэньцзюнь /Қытай/ — 1 ұпай
Анна Музычук /Украина/ — 1 ұпай
Хампи Конеру /Үндістан/ — 0 ұпай
Турнирде ұпай қалай беріледі?
Norway Chess Women турнирінің басты ерекшелігі — ұпай есептеу жүйесінде.
Классикалық партияда жеңіске жеткен шахматшыға 3 ұпай беріледі. Егер негізгі партия тең аяқталса, қатысушылар армагеддон форматында ойнайды. Бұл қысқартылған уақытпен өтетін және тең нәтижеге жол бермейтін шешуші партия.
Армагеддонда жеңіске жеткен шахматшы 1,5 ұпай, ал жеңілген ойыншы 1 ұпай алады.
Турнир қашан аяқталады?
Биылғы Norway Chess Women-2026 турнирінде жалпы 10 тур өтеді. Жарысқа алты шахматшы қатысып жатқандықтан, ойындар екі айналымдық жүйе бойынша ұйымдастырылған.
Турнир 5 маусымға дейін жалғасады.