ХОК Олимпиада-2026 қатысушыларына миллиондаған қаржы төлейді
Бұл бағдарлама аясында Қазақстан құрамасының өкілдері де грант алуға мүмкіндік алады.
ХОК спортшыларға 10 мың доллардан бөледі
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа қаржылық бастамасына ілігуі мүмкін.
ESPN мәліметінше, Халықаралық олимпиада комитеті спортшыларды тікелей қолдауға бағытталған арнайы қор құрып, оған 100 миллионнан астам доллар бөлмек.
Жаңа бағдарлама бойынша жазғы немесе қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан атлеттер 10 мың доллар көлемінде грант алуға үміткер бола алады. Бұл шамамен 4,8 миллион теңгеге тең.
Бағдарлама не үшін енгізілді?
Соңғы жылдары Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыларға жүлде немесе қаржылай қолдау төлеу мәселесі жиі көтеріліп жүр. Осы пікірталастар аясында МОК спортшыларға арналған жаңа қаржылық бастаманы іске қосуға шешім қабылдады.
Бағдарламаның басталғанын ХОК мүшесі, бұрынғы NBA жұлдызы Пау Газоль жариялады.
Алғашқы болып кімдер грант ала алады?
Жаңа мүмкіндікке алғашқылардың бірі болып Милан мен Кортинада өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан 3 мыңға жуық спортшы үміткер болмақ. Олардың қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері де бар.
2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы бақ сынады. Олардың 18-і ерлер, 18-і әйелдер болды.
Ұлттық құрама Италиядағы додада 10 спорттық дисциплина бойынша өнер көрсетті. Қазақстан қоржынына бір алтын медаль түсті. Бұл жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды. Жалпы медаль есебінде Қазақстан құрамасы 19-орынға жайғасты.