Леброн Джеймс "Лейкерстен" кетті

Футбол шолушысы

Бірақ 39 жастағы баскетболшы спорттық мансабын әлі аяқтамақ емес. Жаңа клуб іздеуге кіріскен. 

Леброн Джеймс "Лейкерстен" кетті
sportrbc.ru

ҰБҚ (НБА) жұлдызы Леброн Джеймс "Лос-Анджелес Лейкерстен" кетті. Бірақ мансабын аяқтамақ емес. Басқа клубта өнер көрсетпек. Сондықтан алдағы уақытта басткетболшыға қызығушылық танытқан барлық командалармен келіссөз жүргізуге ниетті. 

ESPN дерегіне сүйенсек, Лебронның агенті Рич Пол алдымен Джеймсті қатарға қосқысы келетін ҰБҚ (НБА) клубтарымен келіссөз жүргізеді.

Ол әр командамен ықтимал келісімнің шарттарын талқылап, кейін барлық нұсқаны ойыншының өзіне ұсынады. Соңғы шешімді Леброн Джеймстің өзі қабылдайды.

Лебронның "Лейкерстегі" кезеңі 

Баскетболшы калифорниялық клуб сапында сегіз маусым өткізді. Осы уақыт ішінде ол "Лейкерске" 2020 жылы ҰБҚ (НБА) чемпиондығын жеңіп алуға көмектесті. Бұл титул клуб үшін де, Лебронның мансабы үшін де маңызды кезең болды.

"Лейкерс" сапында жүрген жылдары Леброн Джеймс ҰБҚ (НБА) тарихындағы ең көп ұпай жинаған баскетболшы атанды.