Дәурен Тұрсағұлов "Семей" ойыншысы атанды

Бас редактор

Клуб футболшымен келісімшарт жасалғанын ресми түрде хабарлады.

Дәурен Тұрсағұлов "Семей" ойыншысы атанды
kff.kz

Қазақстан футзалындағы белгілі ойыншылардың бірі Дәурен Тұрсағұлов жаңа клубқа ауысты. "Семей" футзал клубы оның команда құрамына қосылғанын жариялады.

"Семей" футзал клубы Дәурен Тұрсағұловпен келісімшартқа қол қойылғанын қуана хабарлайды", — делінген ресми хабарламада.

"Семей" Даурен Тұрсағұловты Қазақстандағы ең тәжірибелі әрі тұрақты ойыншылардың бірі ретінде сипаттады.

Дәурен Тұрсағұлов Қазақстанның ең тәжірибелі әрі тұрақты ойыншыларының бірі. Ол өз мансабында бірнеше мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубоктарын жеңіп алып, УЕФА Футзалдан Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.

"Семей" жаңа маусымда жоғары орындарға таласады

Клубтың ресми мәлімдемесінде Тұрсағұловтың тәжірибесі, алаңдағы жанкештілігі және кәсіби көзқарасы команда құрамын күшейтетіні айтылған.

"Өзінің мол тәжірибесімен, жоғары кәсібилігімен және жеңіске деген ұмтылысымен Дәурен жаңа маусым алдында «Семей» құрамын күшейтеді. Алда команданы Қазақстан чемпионаты мен УЕФА Футзалдан Чемпиондар лигасында жоғары мақсаттар күтіп тұр", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен маусымда Қазақстан чемпионатының финалында "Семей" алматылық "Қайратқа" жол берді.