Қазақстан чемпионы неге райынан қайтты? Ақтаулық клубтың жаңа мәлімдемесі

Футбол шолушысы

"Каспий" баскетбол клубы жабылмайтын болды.

Қазақстан чемпионы неге райынан қайтты? Ақтаулық клубтың жаңа мәлімдемесі
instagram/@bccaspiy

Қазақстан чемпионатына қатысады

Қазақстан чемпионы саналатын "Каспий" БК 2026/2027 жылғы маусымда ел біріншілігінде бақ сынайтынын ресми түрде жариялады.

Ақтаулық команда бұл шешімін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығымен өткен кездесуден кейін қабылдаған.

30 шілдеде "Каспий" қаржылық қиындықтарға байланысты Қазақстан чемпионатына қатыса алмайтынын мәлімдеген. 

Сол кезде клуб алдағы маусымда ерлер, әйелдер және фарм-командаларын жарысқа қоса алмайтынын хабарлады. Мұндай шешімге клуб бюджетінің тапшылығы мен қажетті қаржыландырудың болмауы себеп болған.

Қаржы табылды ма? 

Бірақ арада екі күн өткен соң клуб жаңа мәлімдеме жасап, ерлер командасының Қазақстан чемпионатына қатысатынын растады.

"Каспий” баскетбол клубының өкілдері Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығымен кездесті. Келіссөз қорытындысы бойынша ерлер командасы 2026/2027 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатына қатысады деген шешім қабылданды. Клубты қаржыландыру заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады", — делінген команданың хабарламасында.

Сонымен Қазақстан чемпионы жаңа маусымда титулын қорғауға мүмкіндік алды.