Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы супертурнирді тең нәтижемен бастады
Қазақстандық гроссмейстер Cairns Cup 2026 турниріндегі алғашқы партиясын тең аяқтады.
Алғашқы турда Музычукпен кездесті
Cairns Cup турнирі биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жарыстың бірінші турында әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Бибісара Асаубаеваға украиналық гроссмейстер Анна Музычук қарсылас атанды. Музычук FIDE әлемдік рейтингінде жетінші сатыда орналасқан.
Қазақстандық шахматшы алғашқы партияны қара фигуралармен өткізді. Тартысты кездесу нәтижесінде қос гроссмейстер ұпай бөлісіп, партия тең аяқталды.
Cairns Cup 2026 турниріндегі қалған ойындар
Қазақстандық шахматшыны алда тағы сегіз партия күтіп тұр:
- 2-тур, 11 тамыз: Рамешбабу Вайшали (Үндістан)
- 3-тур, 12 тамыз: Элис Ли (АҚШ)
- 4-тур, 13 тамыз: Ставрула Цолакиду (Грекия)
- 5-тур, 14 тамыз: Хампи Конеру (Үндістан)
- 15 тамыз: демалыс күні
- 6-тур, 16 тамыз: Тань Чжунъи (Қытай)
- 7-тур, 17 тамыз: Карисса Йип (АҚШ)
- 8-тур, 18 тамыз: Дивья Дешмух (Үндістан)
- 9-тур, 19 тамыз: Александра Костенюк (Швейцария)
Сент-Луистегі әйелдер арасындағы беделді шахмат бәсекесінің жалпы жүлде қоры 250 мың долларына тең.
Бұл туралы не ойлайсыз?