ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатындағы дебютінде үздік үштікке енді

Жамбыл облысының тумасы Төрехан Асанхан Ташкентте жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль місе тұтты.

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатындағы дебютінде үздік үштікке енді
sportarena.kz

Халықаралық аренадағы дебют

Өзбекстан астанасында ауыр атлетикадан жастар және жасөспірімдер арасында құрлық біріншілігі жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Төрехан Асанхан қоссайыс қорытындысы бойынша 269 келі нәтиже көрсетіп, екінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, бұл турнир қазақстандық үшін халықаралық деңгейдегі алғашқы жарыс болды. Соған қарамастан Төрехан дебюттік бәсекесінде-ақ Азия чемпионатының жүлдегері атанды.

Жарыс қорытындысы:

  1. Вича Пратхумта (Таиланд) – 273 кг (119+154)
  2. Төрехан Асанхан (Қазақстан) – 269 кг (119+150)
  3. Реза Замани (Иран) – 268 кг (122+146)

Отандасымыз жұлқа көтеруде 119 келіні, ал серпе көтеруде 150 келіні бағындырды.

Қазақстан жүлде қорын толықтырды

Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатына былтырғы табысты нәтижесін жалғастыру мақсатында қатысып жатыр. Ұлттық құраманы Жәнібек Кішкенбаев бастап барған.

Төрехан Асанханның күміс медалі Қазақстан құрамасының Ташкенттегі құрлық додасындағы кезекті жүлдесіне айналды.

Бұл туралы не ойлайсыз?