Қазақстандық дебютант Азияны таңғалдырды
Жетісу облысының тумасы София Шешукова ауыр атлетикадан Ташкентте жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді.
Үздік үштікке енді
Қазақстандық зілтемірші +77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 232 келі нәтиже көрсетті.
Шешукованың көрсеткіші:
- жұлқа көтеру — 100 кг;
- серпе көтеру — 132 кг;
- қоссайыс — 232 кг.
Осы нәтиже Софияға Азия чемпионатының қола жүлдесін алып берді.
Жарыста тоғыз қарсыластың арасынан қазақстандықтан тек екі спортшы жоғары нәтиже көрсетті.
Бірінші орынды ирандық Махса Бехешти 261 келімен (113+148) иеленсе, вьетнамдық Тхи Лу Тонг 233 келі (107+126) көтеріп, күміс жүлде еншіледі.
Халықаралық дебюттегі медаль
Бұл жарыс София Шешукованың халықаралық деңгейдегі алғашқы турнирі болды. Соған қарамастан ауыр атлет бірден Азия чемпионатының үздік үштігіне кірді.
Бұған қоса София Шешукованың осы Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы оны жасөспірімдер арасындағы +86 келі салмақ дәрежесіне де тіркеген.
Бір қызығы Алексей Клиновицкийдің шәкіртіне зілтемір көтеру үшін қайтадан тұғырға шығудың қажеті жоқ. Ереже бойынша оның бүгінгі жарыста көрсеткен 232 келілік нәтижесі келесі салмақ санатында да есепке алынуы мүмкін.
Егер +86 келі санатындағы кем дегенде үш қарсылас Шешукованың нәтижесінен төмен көрсеткіш тіркесе, қазақстандық зілтемірші тағы бір жүлде місе тұтуы мүмкін.