Қазақстандық гимнаст Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Милад Карими Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды.
Қазақстандық гимнаст еркін жаттығулар бойынша финалда өнер көрсетіп, 14,600 ұпай жинады.
Сайыстың жеңімпазы Филиппин спортшысы Карлос Эдриэль Юло (14,666 ұпай) атанса, жапониялық Сёма Цукияма 14,566 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Ертең , 25 қыркүйекте қазақстандық гимнаст кермедегі жаттығу бойынша финалда өнер көрсетеді. Сондықтан, Каримидің Азия ойындарында екінші медаль жеңіп алуы әбден мүмкін.
Айта кетейік, спорттық гимнастикадан дода 21-25 қыркүйек аралығында өтеді. Айти-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.
Бұл туралы не ойлайсыз?