Футбол
Бөлімдер

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Сакшимен кездесіп, 3:2 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Алуа Балқыбекова Азия ойындарының ширек финалына шықты
olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшыларының бірі Алуа Балқыбекова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында қазақстандық боксшы Үндістан өкілі Сакшимен кездесіп, 3:2 есебімен қарсыласынан басым түсті. 

Балқыбекова – Қазақстан құрамасының тәжірибелі боксшыларының бірі

Алуа Балқыбекова бұған дейін әлем чемпионатында екі рет алтын медаль жеңіп алған. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының екі алтын жүлдесі бар.

Ол Қазақстан әйелдер құрамасының негізгі көшбасшыларының бірі саналады.

Сакшидің де жетістігі аз емес. Үндістандық былғары қолғап шебері жасөспірімдер және жастар арасындағы әлем чемпионаттарында алтын медаль иеленген.

Сонымен қатар ол Астанада өткен World Boxing әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанып, 2021 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?