Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Азия ойындарының жүлдегері ӘЧ-да үздік үштікке кіре алмады

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Нинбодадағы әлем чемпионатында төртінші орын алды.

Азия ойындарының жүлдегері ӘЧ-да үздік үштікке кіре алмады
Спортты дамыту дирекциясы

Қола жүлдеге төрт келі жетпеді

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. 27 қазанда басталған жаһандық дода 8 қарашаға дейін өтеді.

Ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын Алексей Чуркин мен Едіге Емберді қорғады. Бірақ қос зілтемірші де қоссайыс қорытындысында жүлдегерлер қатарына ене алмады.

Чуркин жұлқа көтеруде 168 келіні, серпе көтеруде 210 келіні бағындырды. Жалпы 378 келі жинаған қазақстандық төртінші сатыға тұрақтады. Оны қола жүлдеден төрт келі бөліп тұрды.

Едіге Емберді жұлқа көтеруде 157 келі, серпе көтеруде 198 келі еңсерді. Қоссайыстағы 355 келі нәтижесімен 16-орын иеленді.

Алексей Чуркин туралы не білеміз?

Алексей Чуркин 2004 жылы 19 наурызда Қостанайда туған. Жеке бапкері – Сергей Корщиков.

Мансабындағы негізгі жетістіктері:

  • 2022 жыл: жастар арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері, ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері — барлығы 73 келіде;
  • 2023 жыл: Азия чемпионатының қола жүлдегері – 73 келі;
  • 2024 жыл: әлем чемпионатының күміс жүлдегері – 81 келі, жастар арасындағы Азия чемпионы – 89 келі;
  • 2026 жыл: Азия ойындарының күміс жүлдегері – 85 келі.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Едіге Ембердінің жетістіктері

Едіге Емберді 2005 жылы 6 мамырда Астанада дүниеге келген. Жеке бапкері – Айбек Аманиязов.

Едіге Ембердінің жетістіктері

Негізгі нәтижелері:

  • 2022 жыл: жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы – 73 келі;
  • 2023 жыл: жастар арасындағы әлем чемпионы – 81 келі;
  • 2024 жыл: жастар арасындағы әлем чемпионы – 89 келі;
  • 2025 жыл: жастар арасындағы Азия чемпионы – 79 келі. Осы жарыста қоссайыс бойынша Азия рекордын жаңартқан;
  • 2025 жыл: Ислам ынтымақтастығы ойындарында 79 келіде бір күміс және екі қола медаль жеңіп алған.

Қазақстан Республикасының спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Бұл туралы не ойлайсыз?