Қазақстан қоржынына тарихи медаль түсті
Қазақстандық мерген Ирина Юнусметова Қатар астанасы Дохада нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
Тарихи нәтиже тіркелді
Қазақстандық мерген әйелдер арасында 50 метр қашықтықтан шағын калибрлі тапаншамен нысана көздеу сайысында үздік үштіктің қатарына енді. Ол жарыс қорытындысында 537 ұпай жинады. Алты кезеңде тиісінше 83, 95, 90, 88, 91 және 90 ұпай еншіледі.
Осылайша Ирина Юнусметова аталған бағдарлама бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып, Қазақстан спортындағы тарихи жетістікке жетті.
Жеңімпаздары кім?
50 метрден тапаншамен ату сайысында алтын медаль түркиялық Шеввал Илайда Тарханға бұйырды. Ол 546 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. Ал армениялық Эльмира Карапетян 542 ұпаймен күміс медаль иеленді.
Нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты Қатар астанасы Дохада 14 қарашаға дейін жалағсады.