Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Бахрейнде өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы семсерлесуден Азия чемпионатын 11 медальмен аяқтады.

Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды
Olympic.kz

Ұлттық құрама үш алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде иеленіп, жалпы медальдық есепте екінші орынға тұрақтады. Кирилл Проходов жарыстың екі бағдарламасында топ жарды. Семсерлесуші алдымен жеке сайыста алтын медаль жеңсе, кейін командалық жарыста Михаил Кузьмин, Георгий Тинников және Жанарбек Жанұзақовпен бірге чемпион атанды.

Әйелдер арасындағы додада үшінші алтын жүлдені командалық семсерлесуде Диляра Исабекова, Полина Ко, Әдемі Серікбай және Қайша Жәнібек иеленді.

Жеке сайыстағы жүлделер артты

Қайша Жәнібек пен Диляра Исабекова командалық алтыннан бөлек, жеке жарыста да көзге түсті. Қайша күміс медаль иеленсе, Диляра қола жүлдегер атанды. Ал семсерлесуден жеке сайыста Лесовскийлер әулетінің өкілдері де жеңіс тұғырына көтерілді. Мария Лесовская күміс, ал Полина Лесовская қола медаль жеңіп алды. Кейін апалы-сіңлілі Каролина Фомина және Наталья Зиняковамен бірге командалық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Ерлер арасындағы рапира командасы да үздік нәтиже көрсетіп, Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Евгений Токанов және Мансұр Естеу күміс медаль иеленді.

Әйелдер арасындағы рапира сайысында София Ақтаева, Ксения Андреева, Алена Гноева және Алина Искандерова үздік үштікке енді. Ал ерлер арасындағы қылыштасудан Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Ерхан Қараман және Қайназар Нұрқатұлы қола медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасы U23 санатындағы Азия чемпионатын 11 жүлдемен аяқтап, жалпы медальдық есепте екінші орынға жайғасты.

Бұл туралы не ойлайсыз?