Токиодағы Grand Slam: Төрт дзюдошымыздың есімі белгілі болды
Жапон жеріндегі жарыс желтоқсанның 5-6 күндері өтеді.
Қазақстан дзюдо құрамасының Токиода өтетін Grand Slam турниріне қатысатын алдын ала құрамы жарияланды.
Жарыс 5–6 желтоқсан күндері Жапония астанасында өтеді.
Әзірге төрт дзюдошы өтінімге енген
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының толық құрамы бекітілген жоқ. Сондықтан тізімде өзгерістер болуы мүмкін.
Әзірге турнирге төрт қазақстандық дзюдошы тіркелген:
- 60 кг: Мағжан Шамшадин;
- 73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Есет Қуанов;
- 90 кг: Ермахан Әнуарбеков.
Құрам әлі толықтырылуы мүмкін
Токио Grand Slam турнирі 2026 жылғы "Үлкен дулыға" сериясының қорытынды кезеңдерінің бірі саналады. Қазақстан дзюдо федерациясы жарысқа баратын толық құрамды кейінірек нақтылауы мүмкін.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан дзюдошылары Токиодағы дәстүрлі турнирге қатыспаған еді. Ал 2026 жылы ұлттық құрама бұл жарыста қайта бақ сынайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?