Қазақстандық спортшы Оңтүстік Кореяда үздік ондықтан көрінді
Ол әйелдер арасындағы жылдамдық сайысында жетінші орынға ие болды.
Оңтүстік Кореяның Кунсан қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының спортшылары "жылдамдық" және "боулдеринг" дисциплиналарында бақ сынады.
Қазақстан құрамасындағы ең жоғары нәтижелердің бірін Анна Баларшина көрсетті. Ол әйелдер арасындағы жылдамдық сайысында жетінші орынға ие болып, турнирдің үздік ондығына кірді.
Қазақстандық спортшы үздік ондыққа енді
Әйелдер арасындағы жылдамдық бәсекесінде Анна Баларшина жетінші нәтиже көрсетті.
Қазақстанның тағы бір өкілі Арина Новицкая бұл дисциплинада 17-орынға тұрақтады.
Ерлер арасында жылдамдық сайысына қатысқан Жандос Қалыбай да жарысты 17-орынмен аяқтады.
Боулдерингте қазақстандықтар қандай нәтиже көрсетті?
Ерлер арасындағы боулдеринг сайысында Қазақстан құрамасының төрт спортшысы өнер көрсетті.
Азат Майкотов 29-орынға ие болды. Вадим Ишмұхаметов 36-орыннан көрінсе, Матвей Есипов 37-орынға тұрақтады. Ал Глеб Семешкин жарысты 39-орынмен аяқтады.
Әйелдер арасында Айханым Айдарханқызы 19-орынға ие болды. Полина Андреева 30-орыннан, ал Виктория Адаменко 35-орыннан көрінді.
Осылайша, Кунсандағы Азия кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының үздік нәтижесін Анна Баларшина көрсетіп, жылдамдық дисциплинасында алғашқы ондыққа енді.