Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ауыр атлетшілер әлем чемпионатында нәтижесін жақсартты

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Ауыр атлетшілер әлем чемпионатында нәтижесін жақсартты
instagram/@wf_rk

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті?

Биылғы додаға Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысты. Дәурен Бекмұхамбетов пен Жарқын Абдуллаев жетекшілік еткен ұлттық команда сапында жеті атлет өнер көрсетті.

Нинбода өткен додада қазақстандық ауыр атлеттер бірқатар салмақ дәрежесінде жүлдеге таласты. Дегенмен жалпы есепте жеңіс тұғырына тек Нұрғиса Әділетұлы көтерілді.

Қазақстанның нәтижелері:

  • 75 келі: Петр Хребтов — 14-орын;
  • 77 келі: Аянат Жұмағали — 19-орын;
  • 85 келі: Алексей Чуркин — 4-орын;
  • 85 келі: Едіге Емберді — 16-орын;
  • 95 келі: Нұрғиса Әділетұлы — күміс медаль;
  • 110 келі: Артем Антропов — 8-орын;
  • 86 келіден жоғары: Любовь Ковальчук — 6-орын.

Қазақстан құрамасының басты жетістігі Нұрғиса Әділетұлының еншісіне жазылды. Ол 95 келі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ал 85 келіде сынға түскен Алексей Чуркин төртінші орынға тұрақтап, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Медаль кестесіндегі орын

Қоссайыс нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс медальмен жалпыкомандалық есепте 12-орынға жайғасты.

Қоссайыс бойынша медаль кестесі:

1. Солтүстік Корея — 6 алтын, 3 күміс, 3 қола (12 медаль);

2. Қытай — 6 алтын, 3 күміс, 2 қола (11 медаль);

3. Мысыр — 1 алтын, 1 қола (2 медаль);

4. Өзбекстан — 1 алтын (1 медаль);

5. Қазақстан — 12-орын, 1 күміс (1 медаль).

Жұлқа көтеру, серпе көтеру және қоссайыстағы барлық жүлдені есептегенде Қазақстан қоржынында үш күміс медаль бар. Бұл көрсеткішпен ұлттық құрама 12-орынды иеленді.

Аталған есепте Солтүстік Корея 34 медальмен көш бастаса, Қытай 33 жүлдемен екінші орынға тұрақтады. Ал Өзбекстан мен Болгария үш алтыннан жеңіп алып, үшінші орынды бөлісті.

Қазақстан былтырмен салыстырғанда нәтижесін жақсартты

2025 жылы Норвегияның Фёрде қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық ауыр атлеттер жүлдесіз қалды. Ол кезде Қазақстан ауыр атлетика федерациясының шешімімен әлемдік додаға негізгі құрам емес, екінші құрам жіберілген.

Мұндай шешімнің басты себебі — негізгі құрамның Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарына дайындалуы.

Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлының күмісі Қазақстанға өткен жылғы нәтижені жақсартуға мүмкіндік берді.

Нинбода аяқталған әлем чемпионатының тағы бір маңызды ерекшелігі бар. Бұл жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің алғашқы турнирі саналады.

Іріктеу жүйесінде жалпы сегіз лицензиялық жарыс қарастырылған. Зілтеміршілердің осы жарыстардағы нәтижелері олимпиадалық рейтингке әсер етеді.

Іріктеу аяқталған соң әр салмақ дәрежесінде рейтингтің үздік сегіздігіне енген ауыр атлеттер Олимпиада жолдамасына таласады.

Бұл туралы не ойлайсыз?