Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Михаил Шайдоров Қытай Гран-приінде медальсіз қалды

Михаил Шайдоров Қытай Гран-приінде медальсіз қалды
NUR.KZ

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров ISU Гран-при сериясының 2026/27 маусымындағы үшінші кезеңінде жүлдесіз қалды.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен жарыста қазақстандық спортшы екі бағдарлама қорытындысы бойынша бесінші орын алды.

Еркін бағдарламада алтыншы нәтиже көрсетті

8 қарашада Шайдоров еркін бағдарламасын орындап, төрешілерден 168,62 ұпай алды. Бұл көрсеткіш 12 қатысушы арасында алтыншы нәтиже болды.

Еркін бағдарлама кезінде Михаил Шайдоров төрттік флипті сәтті орындады. Алайда басқа күрделі элементтерде қателіктер болды. Төрешілер төрттік лутцтың толық айналмағанын тіркеді, сондай-ақ екі төрттік секіруден тұратын каскад үшін берілген баға айтарлықтай төмендетілді.

Бұған дейін қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 94,87 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтаған еді. 

Екі бағдарлама қорытындысында Шайдоров 263,49 ұпай жинады. Ол жүлделі үштіктен 18,13 ұпайға қалып қойды.

Жеңіс жапониялық спортшыға бұйырды

Қытайдағы Гран-при кезеңінде жапониялық Као Миура жеңімпаз атанды. Ол 293,25 ұпай жинады.

Екінші орын бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Владислав Дикиджиге бұйырды – 282,44 ұпай.

Үшінші орынды Евгений Семененко иеленді – 281,62 ұпай.

Бұл Шайдоровтың маусымдағы екінші Гран-приі

Михаил Шайдоров үшін Қытайдағы жарыс осы маусымдағы екінші Гран-при кезеңі болды. Бұған дейін ол Францияның Анже қаласындағы турнирде 206,55 ұпаймен оныншы орын алған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?