Нұрхан Жұмағазы RIZIN-де үшінші жеңісіне нокаутпен жетті
Қазақстандық файтер Оңтүстік Корея өкілін тізе бүктірді.
Қазақстандық ММА файтері Нұрхан Жұмағазы Жапонияның Тиба қаласында өткен RIZIN 55 турнирінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.
Жапониялық промоушенде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Кёнг Пхё Киммен кездесті.
Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды
Жеңіл салмақта өткен айқас үш раундқа жоспарланған еді. Алайда Нұрхан Жұмағазы қарсыласын бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осы нәтиженің арқасында қазақстандық файтер кәсіпқой мансабындағы жеңістер санын 12-ге жеткізді. Ал RIZIN ұйымындағы қатарынан үшінші жеңісі болды.
Ал Кёнг Пхё Ким кәсіпқой ММА-дағы алтыншы жеңілісіне ұшырады.
Бұл туралы не ойлайсыз?