Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан мен Түркия жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын сарапқа салды

Семсерлесуші Айбар Қайым Дакарда жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстан мен Түркия жасөспірімдер Олимпиадасының алтынын сарапқа салды
olympic.kz

Олимпиада финалында өнер көрсетті

Қылыштасудан жекелей сында Қазақстан намысын қорғаған Айбар Қайым турнир барысында жоғары нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге дейін жетті. Финалдық кездесуде қазақстандық семсерші түркиялық Джандениз Берракпен күш сынасты.

Тартысты өткен айқаста түркиялық семсерлесуші басымдық танытып, 15:6 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық семсерші финалға қалай жетті?

Айбар Қайым алтын медаль үшін өтетін кездесуге дейін екі маңызды жеңіске жетті. Ширек финалда болгариялық Никола Мейцовты 15:10 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда сингапурлық Эштон Оумен кездесіп, 15:13 есебімен басым түсті.

Қола медаль үшін өткен айқаста Эштон Оу грузиялық Георгий Урушадзені 15:10 есебімен жеңіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Айбар Қайымның халықаралық жетістігі

Айта кетейік, Айбар Қайым бұған дейін де халықаралық жарыстарда Қазақстан намысын абыроймен қорғаған.

Ол биыл Индонезия астанасы Джакартада өткен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Енді өзінің жүлделер қорын Олимпиаданың күміс медалімен толықтырды.

Қазақстан қоржынында сегіз медаль бар

Айбар Қайымның күміс жүлдесінен кейін Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіп алған медаль саны сегізге жетті.

Ұлттық құраманың еншісінде:

  • 2 алтын медаль;
  • 3 күміс медаль;
  • 3 қола медаль.
Бұл туралы не ойлайсыз?