Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық таеквондошылар Хорватияда үш жүлде жеңіп алды

Ұлттық құрама қоржынына екі алтын және бір күміс медаль түсті.

Қазақстандық таеквондошылар Хорватияда үш жүлде жеңіп алды
olympic.kz

Қазақстандық таеквондошылар Хорватия астанасы Загребте өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық рейтингтік турнирде үш жүлде иеленді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ұлттық құрама қоржынына екі алтын және бір күміс медаль түсті.

Кім қандай медаль жеңіп алды?

59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрай Амангелді турнир жеңімпазы атанды. Ол өз салмағында барлық қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелді.

68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген үздік нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде бірінші орын алып, ел қоржынына екінші алтын жүлдені салды.

Ал 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Сабина Тұртұлова финалға дейін жетіп, турнирді күміс медальмен аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?