Футболға оралған Роналдиньо ерекше үндеу жасады
Аты аңызға айналған ойыншы 11 жылдық үзілістен кейін Италияның C сериясында өнер көрсететін "Равенна" клубына қосылған еді.
46 жасында үлкен футболға оралып, алғашқы матчында командасымен бірге жеңіске жеткен бразилиялық футболшы Роналдиньо жанкүйерлеріне арнайы үндеу жасады.
"Ресми матчта қайта алаңға шыққаныма өте қуаныштымын. Бірнеше жыл демалдым, бірақ енді қайта оралатын уақыт туды. Әзіл әзілімен, бірақ командаластармен бірге жанкүйерге толы стадионда ойнау ерекше ләззат сыйлады. Бұл өмірімдегі ең керемет әрі әсерлі сәттердің бірі болды", – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол матчқа келген жанкүйерлерге алғысын жеткізді.
"Осы матчқа келген және мені қолдаған барлық жанкүйерге алғысым шексіз. Қайта кездескенше, менің жаңа отбасым", – деп жазды футболшы.
Аты аңызға айналған футболшы 11 жылдық үзілістен кейін Италияның C сериясында өнер көрсететін "Равенна" клубына қосылған болатын.
15 қарашада "Форли" клубына қарсы кездесуде Роналдиньо алаңға шығып, бірінші таймды толық өткізді. Ол есептің ашылуына өз үлесін қосты. Нәтижесінде "Равенна" қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Роналдиньо футболдан 2018 жылы ресми кеткен
Даңқты футболшы 2015 жылдан кейін кәсіби деңгейде тұрақты өнер көрсетпей, 2018 жылы мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялаған.
2020 жылы Роналдиньо Парагвайда жалған паспортпен ұсталып, 32 тәулік қамауда болған.