Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шавкат Рахмоновтың дивизионында топ-файтерлердің жекпе-жегі жарияланды

Габриэл Бонфим мен Шон Брэди арасындағы айқас 2027 жылғы 24 қаңтарда Лас-Вегаста өтеді. 

Шавкат Рахмоновтың дивизионында топ-файтерлердің жекпе-жегі жарияланды
sportnews.kz

UFC жартылай орта салмақтағы рейтингтің үздік алтығында тұрған екі файтердің жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

Бразилиялық Габриэл Бонфим (20-1) мен америкалық Шон Брэди (19-2) 2027 жылғы 24 қаңтарда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 297 турнирінде кездеседі.

Рейтингтің бесінші және алтыншы нөмірлері жұдырықтасады

Қазіргі таңда Шон Брэди UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші орында тұр.

Ал Габриэл Бонфим дивизионның алтыншы сатысына орналасқан.

Дәл осы салмақ дәрежесінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (19-0) та өнер көрсетеді. Алайда жарақаттар мен ұзаққа созылған оңалту процесіне байланысты ол 2024 жылдың желтоқсанынан бері октагонға шыққан жоқ.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі соңғы кездесуінде ирландиялық Иэн Гэрримен (17-2) жұдырықтасты.

Қазақстандық файтер сол жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?