Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Асу Алмабаевтың командасы маңызды мәлімдеме жасады

Асу Алмабаев 21 қарашада Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригутимен кездеседі.

Асу Алмабаевтың командасы маңызды мәлімдеме жасады
sportarena.kz

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың (24-3) командасы Қатарда өтетін жекпе-жекке дайындық барысын көрсетті.

Dar Team баспасөз қызметі спортшының жаттығу сәттері түсірілген видеоны жариялап, жекпе-жекке дейінгі соңғы кезеңнің жоспарын да атады.

"Жекпе-жекке бір апта қалды"

Команданың мәліметінше, жақын күндері Алмабаев үшін медиа-шаралар мен салмақ қуу алдындағы соңғы дайындық кезеңі басталады.

"Жекпе-жекке 1 апта ғана қалды! Алдағы күндері медиа түсірілім күндері басталып, салмақ лимитіне жету жұмыстары басталады", – делінген Dar Team хабарламасында.

Жарияланған роликтің басында Асу Алмабаев лапамен соққы техникасын пысықтап жатқаны көрінеді. Видеонының негізгі бөлігі оның күрес дайындығына арналған. Сонымен қатар команда басқа файтерлердің де жаттығу сәттерін көрсетті.

Қарсылас – Кёдзи Хоригути

Асу Алмабаев 21 қарашада Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде жапониялық Кёдзи Хоригутимен кездеседі.

Қазақстандық файтер UFC-дің аса жеңіл салмақ рейтингінде алтыншы орында, ал оның қарсыласы жетінші сатыда тұр.

Алмабаев – Хоригути айқасы турнирдің негізгі кардына енгізілген. Негізгі кард Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?