Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық дзюдошы әлемднің үздік ондығына енді

Бұған Загребтегі Гран-при турниріндегі жеңіс себеп болды. 

Қазақстандық дзюдошы әлемднің үздік ондығына енді
sportarena.kz

Қазақстандық дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Загребте өткен Гран-при турниріндегі жеңісінен кейін әлемдік рейтингтің үздік ондығына көтерілді.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз бірден алты саты жоғарылады. Жаңартылған рейтингте Нұрқанат Серікбаев 2748 ұпаймен 10-орынға жайғасты.

Ал бұл салмақтағы әлемдік рейтинг көшбасшысы – жапониялық Хифуми Абэ. Оның еншісінде 5200 ұпай бар.

Загребте алтын медаль жеңіп алды

Нұрқанат Серікбаевтың рейтингтегі серпілісіне Загреб Гран-приіндегі жеңісі әсер етті. Финалда қазақстандық дзюдошы бразилиялық Рональд Лиманы иппонмен жеңген болатын.

Лима да рейтингтегі жағдайын жақсартып, сегізінші орыннан жетінші сатыға көтерілді. Оның еншісінде 3389 ұпай бар.

Қазақстан үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Загребтегі Гран-приді жалпы үш медальмен аяқтады.

Нұрқанат Серікбаев алтын жүлде алса, Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақта, ал Аман Бақытжан 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?