Софья Самоделкина алғаш рет әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы алғаш рет әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан ISU әлемдік рейтингінде үздік ондыққа енді.
Отандасымыз АҚШ-та өткен Skate America Гран-при кезеңіндегі өнерінен кейін рейтингте 13-орыннан 10-сатыға көтерілді. Аталған додада бесінші орын алған Софья 320 рейтингтік ұпай жинап, жалпы көрсеткішін 2881-ге жеткізді.
Эвереттегі сайыста Самоделкина екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 198,59 ұпаймен жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады. Бұған дейін Канаданың Келоуна қаласында өткен Гран-при кезеңінде де 206,89 ұпаймен бесінші орынды иеленген.
ISU әлемдік рейтингінің үздік ондығы:
- Моне Тиба (Жапония) – 4412 ұпай
- Алиса Лью (АҚШ) – 4248 ұпай
- Ами Накаи (Жапония) – 3858 ұпай
- Эмбер Гленн (АҚШ) – 3671 ұпай
- Изабо Левито (АҚШ) – 3645 ұпай
- Анастасия Губанова (Грузия) – 3409 ұпай
- Лара Наки Гутманн (Италия) – 3356 ұпай
- Нина Петрыкина (Эстония) – 3135 ұпай
- Брэди Теннелл (АҚШ) – 2934 ұпай
- Софья Самоделкина (Қазақстан) – 2881 ұпай
Бұл туралы не ойлайсыз?