ҚПЛ Ұлттық Құрама Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
Қазақстан Құрама

"Реалист болуымыз керек". Құрама капитаны әлем чемпионатынан не күтетінін айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны Лео Игита Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатынан не күтетінін айтты. 

"Реалист болуымыз керек". Құрама капитаны әлем чемпионатынан не күтетінін айтты
meta-ratings.kz

“Әрине, жеңіс тұғырынан көрінгім келеді. Дей тұрғанмен, реалист болуымыз керек. Біздің басты мақсатымыз 1/8 финалға өту. Егер топтық кезеңді бірінші орынмен аяқтай алсақ, тамаша болар еді. Себебі қарсыластарымыз өте мықты. Мәселен, алғашқы турда Испаниямен кездесеміз. Бұл кездесудің өзі финалға тұрарлық ойын болғалы тұр. Жалпы, әр матч осылай болады”, деді Игита. Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан құрамасы бүгін Өзбекстанға аттанды. Топтық кезеңде біздің футзалшылар Испаниядан бөлек, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен кездесу өткізеді. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?