ВТБ Бірыңғай лигасы: «Астана» өз алаңында сан соғып қалды
Елордалық баскетбол клубы саратовтық «Автодорды» қабылдаған еді.
ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Астана» өз алаңында «Автодор» командасымен кездесті. Бірақ ойынның төрт ширегінде де қарсыласқа есе жіберді. Қорытынды есеп - 52:74 (14:20, 14:17, 14:23, 10:14).
Осылайша, қазақстандық клуб осы маусымда қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, енді «Астана» 12-ші қазанда Мәскеу МБА-МАИ командасымен кездесу өткізеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?