ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға 126 шетелдік спортшы әкелінген

Бұл жөнінде де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Туризм және спорт министрлігімен бірлескен арнайы талдауы нәтижесінде белгілі болды.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға 126 шетелдік спортшы әкелінген
olympic.kz

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері елге 126 шетелдік спортшы әкелінген. Шетелдік ойыншыларды натурализациялау арқылы қысқа мерзімді жетістіктерге жетуге назар аударылып келді. Бұл жөнінде де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Туризм және спорт министрлігімен бірлескен арнайы талдауы нәтижесінде белгілі болды. 

«Көбінесе өз таланттарын тәрбиелеудің орнына ақша басқа елдердің ойыншыларына жұмсалады. Бұл спортты қаржыландырудағы айқын теңгерімсіздікпен расталады» - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада. 

126 спортшы тек олимпиадалық бағыттарға келген шетелдіктер. Оның сыртында футбол, хоккей, баскетбол және велоспорт сияқты командалық спорттарда жүрген талай спортшы бар. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.