ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Америкалық волейболшы қыздар трансгендер ойыншысы бар командамен ойнаудан бас тартты

АҚШ-та университеттік әйелдер волейбол турнирі бір команда құрамында трансгендер ойыншының болуына байланысты жанжалға айналды

Америкалық волейболшы қыздар трансгендер ойыншысы бар командамен ойнаудан бас тартты
sport24.ru

Fox Sports хабарлауынша, Невада университеті Сан-Хосе мемлекеттік университетінің командасына қарсы матчқа шығудан бас тартты. Мұның себебі қарсылас команда құрамында трансгендер волейболшы Блэйр Флемингтің болуы.

Ойыншылар матчқа қатыспау үшін дауыс берді, дегенмен университет басшылығы керісінше талап етті.

Айта кету керек, Невада университеті Сан-Хосеге қарсы ойнаудан бас тартқан бесінші оқу орны болды. Үш жағдайда қарсылас командаларға техникалық жеңіліс берілді, тағы бір матч өткізілмеген деп есептелді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.