Халықаралық қысқы спорт федерацияларының күнтізбесіне сәйкес жыл сайын осы уақытта жарыстардың шымылдығы түріледі.
Халықаралық қысқы спорт федерацияларының күнтізбесіне сәйкес жыл сайын осы уақытта жарыстардың шымылдығы түріледі.
Наурыз айына дейін жалғасатын қысқы маусымда спортшылар 2026 жылғы ХХV қысқы Олимпиада ойындарына берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Бұдан бөлек, Азия құрлығының мемлекеттері 2025 жылы Харбинде өтетін Азия ойындарына дайындықтарын пысықтайды.
Сонымен, назарларыңызға қарашада өтетін жарыстар кестесін ұсынамыз:
1-3 қарашада Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді.
31 қазан мен 3 қараша аралығында Бейжіңде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді.
Ал 6-9 қарашада күндері Алматыда хоккейден ерлер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.
12 қарашада Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир басталады;
15-17 қараша аралығы Хатиноха қаласында (Жапония) конькимен жүгіруден турнир өтеді;
21-25 қараша күндері Норвегияда шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңінің мықтылары анықталады;
22-24 қарашада Жапонияның Наганодасын конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі, Қытайда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді;
Ал қарашаның 28-і күні Рукада Финляндияның Рука деп аталатын тау-шаңғы шипажайында шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі шымылдығын түреді;
29 қараша күні Бейжіңде (Қытай) конькимен сырғанаудан турнир өтеді;
27 қараша - Рукада (Финляндия) фристайлдан Әлем кубогі кезеңі;
30 қарашада Контиолахтиде (Финляндия) биатлоннан Әлем кубогінің бірінші кезеңі басталады.