Түркияда тоғызқұмалақтан әлем біріншілігі басталды
Оған әлемнің 14 елінен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Түркия астанасы Анкарада тоғызқұмалақтан VIІ Әлем чемпионаты басталды. Оған әлемнің 14 елінен 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы өкілдерінің хабарлауынша, жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Испания , Франция, Чехия , Украина, Грузия, Венгрия мен АҚШ елдерінің кіл мықтылары жиналған.
VII Әлем біріншілігінде спортшылар тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц түрлері бойынша бақ сынайды. Жарыста ел намысын 12 спортшымыз қорғайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.