ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бибісара Асаубаев бірден үш әлемдік рейтингті бағындырды

FIDE шахматшылардың желтоқсан айындағы жаңартылған рейтингін ұсынды.

Бибісара Асаубаев бірден үш әлемдік рейтингті бағындырды
offside.kz

Қазақстан құрамасының көшбасшысы, 20 жастағы Бибісара Асаубаева халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) үш әлемдік рейтингінде бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды SPORT +.

Асаубаева 20 жасқа дейінгі қыздар арасында үздік атанды. Сонымен қатар өзінің жас санатында блиц және рапид санаты бойынша рейтингтерді басқарды. Бұдан бөлек ол әйелдер арасындағы жалпы рейтингте 13-ші орында және рапид (9-шы), блицте (7-ші) топ-10-ға кіреді. 

Түрлі рейтингтерде жоғары орынға ие болған басқа қазақстандық шахматшылардың нәтижелерін атап өткен жөн. Меруерт Қамалиденова қыздар арасында 8-ші орында, ал Алуа Нұрман және басқа да қазақстандық шахматшылар да лайықты нәтижелер көрсетті.

Қазақстан шахматшыларының рейтингтегі жағдайы келесідегідей:

TOP 100 GIRLS:
1. Бибісара Асаубаева (2492);
2. Меруерт Қамалиденова (2378);
3. Алуа Нұрман (2330);
4. Ксения Балабаева (2315);
5. Әмина Қайырбекова (2309);
6. Лия Құрманғалиева (2266);
7. Зарина Нұрғалиева (2263);
8. Назерке Нұрғали (2215).
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.