Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық MMA жауынгері Жалғас Жұмағұлов (17-9) алдағы кәсіби бокстағы дебюті туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
UFC экс-жауынгері Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) серіктесімен түскен фотосурет көрсетіп, хабарлама жариялады.
"Менің алғашқы бокс спаррингім! 20 желтоқсанда дебют болады. Менің жекпе-жегімді күтіңіз. Бұл шоу болады", - деп жазды Жұмағұлов.
Қараша айында 36 жастағы файтер октагон лигасында сәтті дебют жасап, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.
Жұмағұлов UFC-ден 2023 жылдың жазында кеткен. Жалпы жеті жекпе-жек өткізді. Біреуін жеңіп, алтауында ұтылған.