Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Жартылай орта салмақтағы WBA Super және IBO нұсқасындағы экс-әлем чемпионы Дмитрий Бивол бұрынғы әйелі Екатерина Биволмен соттаспақшы. Оны ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірді деп айыптады. Екатерина бұл жөнінде өзі көпшілік алдында айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Дима мен оның анасы маған барлығы бес өтініш берді", - деп жазды Екатерина әлеуметтік желіде.
Бивол (23-1, 12 КО) өзінің кәсіби мансабын 2014 жылы бастады. Оның ең маңызды жекпе-жегі мексикалық Сауль Канело Альвареске қарсы өтті. Төрешілер жеңісті Қырғызстанның тумасына берді. Осылайша Канело тоғыз жылдан кейін алғаш рет ұтылды.
Бивол 12-13 қазанға қараған түні Артур Бетербиевпен абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты. Бірақ төрешілер шешімімен WBA Super және IBO чемпиондық белбеулерінен айырылып қалды.
Дмитрий мен Екатерина 16 жыл бойы некеде болып, 2023 жылдың маусымында ажырасты. Боксшының бұрынғы әйелі көпшілік алдында екі ортақ ұлдарына алимент төлеуді талап еткен. Бивол абсолютті чемпион үшін шайқаста жеңілгенде Екатерина қуанышын жасыра алмаған.