Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Әлем чемпионы балалар үйіне ₸1 млн берді

Редактор Penalty.kz
04.12.2024, 12:20

Әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы Нұрсұлтан Жұбатқан жеңісі үшін алған сыйақысын балалар үйіне қайырымдылыққа жұмсады. 
 

Әлем чемпионы балалар үйіне ₸1 млн берді
NUR.KZ

Ол бұл ісі арқылы балаларға қуаныш сыйлағысы келген, деп хабарлайды KAZINFORM. 


– Бұл қаражат балалардың жақсы білім алуына, денсаулықтарын жақсартуға және болашақта өз орнын табуларына көмек болады деген сенімдемін. Әлем чемпионатында жеңіске жеткенімде, қуанышымды осы балалармен бөлісге ниет еттім. Балалардың жүздерінен күлкі мен қуанышты көру – мен үшін үлкен бақыт. Спорттың күш-жігерді арттырумен қатар, мейірімділікті насихаттайтынын көрсеткім келеді. Осы арқылы біз өзіміздің қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезініп, болашақ ұрпаққа үлгі болуға тырысамыз. Сондықтан менің бұл ісім балаларға шабыт беріп, армандарына жетуіне септігін тигізеді деп сенемін, - дейді спортшы.

Маңғыстау облыстық мамандандырылған балалар үйінің басшысы Сәру Ермұханованың айтуынша, балаларға бұрын-соңды мұндай сыйлық берілмеген.

Нұрсұлтан Жұбатқан 25-30 қараша аралығында Анталияда әмбебап жекпе-жектен (Unifight) әлем чемпионы атанған. Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында Әзербайжан, Түркия, Украина, Молдова, Қазақстан спортшыларымен белдесіп, шаң қаптырды. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір