"Астана" БК 18-ойында қатарынан жеңілді (ВИДЕО)
ВТБ Бірыңғай лигасы аясында елордалық баскетболшылар Мәскеуде МБА ұжымымен кездесті.
Қазақстандықтар мәскеуліктерге барлық төрт кезеңде есе жіберіп, биылғы ВТБ Бірыңғай лигасында он сегізінші кездесуде қатарынан сәтсіздікке ұшырады.
"Астана" сапында Дэниель Утоми үздік сұрмерген атанды. Оның еншісінде 19 ұпай.
11 желтоқсанда "Астана" Петерборда "Зенитпен" шеберлік байқасады.
ВТБ Бірыңғай лигасы. 18-тур. МБА — "Астана" 73:49 (19:17, 18:8, 14:13, 22:11).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet