Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс медаль еншіледі
Алексей Чуркин Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.
NUR.KZ
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қоссайыс қорытындысы бойынша 368 (164+204) келіні бағындырды.
Жеңіс солтүстіккореялық Ри Чон Чонға бұйырды — 371 (166+205) кг.
Сонымен қатар осы салмақта Александр Уваров Қазақстан намысын қорғады. Ол бесінші нәтиже көрсетті – 351 (160+191) кг.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet