Гандболшы қыздарымыз АЧ қола медаль иегерлері атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үшінші орыннан көрінді.

Гандболшы қыздарымыз АЧ қола медаль иегерлері атанды
ulyssport.kz

Қола медаль үшін кездесу Иранға қарсы өтті. 

Ойын 28:22 есебімен аяқталды. 

Финалда Жапония Оңтүстік Кореяны жеңді. Есеп 25:24.

Айта кету керек, Қазақстан 2002 және 2010 жылдары құрлық бәсекесінде топжарған. 2021 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында қола медаль еншілеген.