ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Жеңілістен көз ашпайтын "Астана" (ВИДЕО)

"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында Санкт-Петербургте "Зенитке" қарсылас атанды. 

Елордалықтар петерборлықтарға 37 ұпай айырмасымен тас-талқан боп ұтылды. Төрт ширектің біреуінде де басымдық танытқан жоқ. Осылайша "Астана" лигада қатарынан 19-матчта жеңіліс тапты. 

"Астана" сапында Галин Смит пен Данила Походяев 12 ұпайдан жинап, үздік сұрмерген атанды. 

Елордалық баскетболшылар 14 желтоқсанда өз паркетінде екатеринбургтың "Уралмаш" клубын қабылдайды. 

 ВТБ Бірыңғай лигасы. 19-тур. "Зенит" — "Астана" 96:59 (26:15, 17:12, 31:22, 22:10). 

Бұл туралы не ойлайсыз?