ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді

Transfermarkt ресурсы Сауд Арабиясы Премьер-лигасындағы футболшылардың бағасын жаңартты, деп жазады "РБК Спорт" телеграм-арнасы.

Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
championat.com

“Әл-Насрдың” 39 жастағы португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналдудың бағасы €15 млн-нан €12 млн-ға құлдырады. Бұл “Алтын доптың” бес дүркін иегері мансабындағы ең төменгі көрсеткіш. 

Ол Сауд Арабиясындағы ең қымбат топ-10 ойыншылар тізіміне де кірмейді. Мұнда "Әл-Иттихадтың" франциялық жартылай қорғаушысы Мусса Диаби (€35 млн; минус €20 млн) көшбастап тұр.

Роналду биылғы маусымда “Әл-Наср” сапында 19 матчқа қатысып барлық турнирлерде 16 гол соқты. Үш рет нәтижелі пас берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.