Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
World Boxing халықаралық федерациясы бокстан 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді деп хабарлады.
Әлем біріншілігі халықаралық жарыстар күнтізбесіндегі ең маңызды оқиға болады. Турнир 2028 жылы Лос-Анджелестегі жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында өтеді.
Әлем чемпионатының нақты мерзімі туралы ақпарат кейін хабарланады.
“Қазақстан үшін 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу зор мәртебе. Еліміздің ауқымды спорт жарыстарын өткізуде тәжірибесі бай. Бұл турнирдің де жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. World Boxing ұйымына Олимпиада қарсаңында бізге осындай сенім білдіргені үшін алғысым шексіз, – деді Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, World Boxing Олимпиада комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин.
Еске сала кетсек, Қазақстан өз тарихында екінші рет бокстан әлем чемпионатын қабылдағалы отыр. Бұған дейін ерлер арасында ӘЧ-2013 Алматыда өткен болатын.