Қазақстан Еуро-2026 іріктеу жорығын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Қазақстан футзалшылары Тиранада Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Албания құрамасымен кездесті.
Матч 2:0 есебімен аяқталды. 5-минутында Лео мергендік танытса, 39-минутта Ақжол Дәрібай нәтижені еселей түсті.
Осылайша Қазақстан енгізгі раундты жеңістен бастады. Алтынша топта бізге Армения мен Дания да қарсылас болады. Рикарду Кака шәкірттері келесі ойынды 18 желтоқсанда Алматыда Арменияға қарсы өткізеді. Іріктеу турнирінің ережесі бойынша финалдық кезеңге топ жеңімпазы өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet