Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль алды.
Антропов 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Жұлқа көтеруде 170 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні бағындырды. Қоссайыс бойынша 400 келі нәтижені көрсетті.
Бұл Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы үшінші медалі. Бұған дейін Алексей Чуркин (81 келі) күміс жүлде жеңіп алса, Нұрғиса Әділетұлы (96 келі) әлем чемпионы атанған болатын.