Назым Қызайбай Димаш орындаған әнді шырқады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Бұған дейін ол «Маска» шоуына қатысқан болатын. 

Назым Қызайбай Димаш орындаған әнді шырқады (ВИДЕО)
Inbusiness.kz

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай соңғы кездері әншілік қырынан көбірек көрініп жүр.

Бұған дейін әлемге әйгілі «Маска» шоуының қазақстандық нұсқасына қатысып, елді аң-таң қылған еді. Енді Витастың дауыс диапазонын қажет ететін Опера №2 әнін орындап, тағы бір таңқалдырды. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Назымның ән қайырмасын орындаған сәті жоқ. Боксшы бұл видео 999 лайк жинаса ғана көпшілікке жалғасын көрсетуге уәде берген.

Еске салсақ, Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір