Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бұған дейін оның допингке қарсы ережелерді бұзғаны анықталған еді.
Халықаралық велошабандоздар одағы "Астана" велокомандасының бұрынғы мүшесіне қатысты шешім шығарды.
Аталған ұйым өкілдерінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы Ильхан Достиев допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 4 жылға спорттан шеттетілді.
Енді отандасымыз 2028 жылдың 8-ші қыркүйегіне дейін жарыстарға қатыса алмайды.
Бұған дейін велошабандоздың ағзасынан метоксиполиэтиленгликоль-эпоэтин бета (CERA)1 табылған болатын. Тыйым салынған препарат 2024 жылдың 17-ші тамызында "Румыния туры" турнирінде анықталды.